Дәріс 21. Радиалды үдеу әсеріндегі жазықтықта сұйық біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған жабдықтар

Бұл жабдықтар конструкциясы мен эксплуатациясы жағынан күрделі болып табылады. Себебі, бұл жабдық жоғары жылдамдықта (5000-16000 айн/мин) жұмыс істейді.

Мұндай жабдықтарға центрифугалар мен тарелкалы ажыратқыштар жатады.

Бөліну қарқындылығы бөліну факторымен анықталады немесе Фрудтың ортадан тепкіш критериі дұрыс болып табылады:

Fr = w2·R/g

Бұл радиалды үдеудің (ортадан тепкіш жазықтығындағы үдеу) ауырлық күшінің үдеуінен қанша есе жоғарылағанын көрсетеді.

Сәйкесінше, Стокс жылдамдығының үдеуге пропорционалдығынан келесі тұжырымды жасауға болады: бөліну факторы центрифугалау немесе ажыратудағы бөліну жылдамдығының гравитациялық жазықтықтағы бөліну жылдамдығынан қанша есе екендігін көрсетеді.

Центрифугалар біртекті емес жүйелерден қатты тұнбаны көп мөлшерде, ал ажыратқыштар керісінше аз мөлшерде бөлуге арналған.

Центрифугалар келесі түрде жіктеледі:

- жұмысшы циклдің құрылымы бойынша

а) мерзімді әрекетті; б) үздіксіз әрекетті; в) жартылай үздіксіз әрекетті;

- жұмысшы органның типі бойынша

а) тұндырғыш; б) сүзгіш;

- жұмысшы органның конструкциясы бойынша

а) барабанды; б) стаканды;

- жұмысшы органның орналасуы бойынша

а) тік барабанды; б) көлденең барабанды;

- тік барабанға жетектің орналасуы бойынша

а) төменде орналасқан жетекті; б) жоғарыда орналасқан жетекті.

Центрифугалар қолданылады:

- шыжықтан майды алдын ала бөлу;

- ішекті кептіру мен тұздау алдында ішек шикізатын алдын ала майсыздандыру;

- пепсин, инсулин және белсендірілген заттар өндірісіндегі экстрактарды бөлу;

- коагулирленген қанды ылғалсыздандыру және т.б.

Центрифугалардың конструкциялары әртүрлі болып келеді. Дегенмен, бәріне ортақ сипаттары да бар.

Барлық центрифугаларда тұрық, жұмысшы орган - барабан, жетек, шикізат беруге, центрифугалау өнімдерін қабылдауға арналған құрылғы және басқа да бірқатар тораптар мен бөлшектер бар.



Тұндырғыш және сүзгіш центрифугалардың арасындағы айырмашылық қондырғыдағы барабан немесе роторда болып табылады.

Тұндырғыш центрифугаларда тұтас, ал сүзгіш центрифугаларда торлы немесе бұдырлы барабан болады.

Кейбір центрифугаларда қатты тұнбаны шығаруға әртүрлі құрылғылар қолданылады. Мысалы, НОГШ-325 центрифугасында тұнбаны шығару үшін шнек қолданылады.

Центрифуга тағамдық майлы шикізатты қайта өңдеу желілерінде қолданылады.

Ол майлы массаны шыжық пен сулы-майлы эмульсияға ажыратуға арналған.

Ажыратқыштарда қатты фазасының мөлшері аса төмен болатын майда суспензиялар мен эмульсиялар ажыратылады.

Ет өнеркәсібінде тарелкалы ажыратқыштар сулы-майлы эмульсияны май мен суға ажыратуға, сонымен қатар шыжықтың тұнбасын тұндыруға қолданылады.

Тағамдық қанды форменді элементтер мен плазмаға (сәйкесінше масса бойынша 60-63 және 37-40%) бөлу үшін қанға арналған ажыратқыштар қолданылады. Қанға арналған ажыратқыштар мерзімді әрекетті машиналарға жатады.

Ажырату кезінде қанды алдын ала дефибриндейді немесе тұрақтандырады.

Дефибриндеу мен тұрақтандыру қанның ұюын болдырмайды. Дефибринация кезінде қанның қоюланған кесектері арнайы араластырғыштар дефибринаторлармен ұсақталады.

Тұрақтандыру химиялық процесс болып табылады. Тұрақтандыру үшін пиросульфат натрий (100 мл қанға 0,25 г ақ кристалданған тұз қосылған) қолданылады. Тұрақтандыру дефибринацияға қарағанда неғұрлым қарқынды процесс

Дефибринацияда ажыратуда қан төмендегідей ажыратылады:



- форменді элементтер - ауыр фракция;

- қанның іркіті - жеңіл фракция.

Тұрақтандыруда ажыратуда қан төмендегідей ажыратылады:

- форменді элементтер;

- қан плазмасы - жеңіл фракция.

Сепараторлардың құрылымы центрифугалармен ұқсас. Яғни, ажыратқыш тұрық, жетек, жұмысшы орган - барабан және қабылдап-шығарушы құрылғыдан тұрады.

Сепараторлардың центрифугалардан айырмашылығы - барабандағы конусты тарелкелерінің боулында. Сепараторлардың барабандары негізінен консолды білікке тік орналасады.

Барабанның айналысын 5000-6000 мин-1 жоғарылату үшін жетекке мультипликатор деп аталатын бұрандалы беріліс орнатылады.

Сонымен қатар, жетекке арнайы фрикционды ортадан тепкіш жалғастырғыш орналасқан. Ол сепаратор барабанының баяу және ақырын айналуын (бірнеше минут) қамтамасыз етеді.

Май ажыратқыштар өздігінен босатылады. Неғұрлым кеңінен тараған ажыратқыш РТ-ОМ-4,6 болып табылады.


2333835806826367.html
2333857936180851.html
    PR.RU™