Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Өкпе ісігінің диагностикасы»

Жағдайлық есеп:Сіз – емхана дәрігерсіз. Қабылдауға 60 жастағы ер адам келді.

Ø Науқасты қарап және анамнезін жинаңыз (стандартталған науқас)

Ø Өкпе аускультациясын жүргізіңіз («Кплюс имитаторында»)

Ø Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Емдеу жоспарын анықтаңыз (емдеу принциптері)

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: қан жағындысымен қақырықты жөтел, кеуденің оң жақ бөлігіндегі ауру сезімі, әлсіздік, дімкәстік, дауыстың қарлығуы, арықтау.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Жөтелдің сипаты Жөтел қандай сипат алады, жиі, ұстама түрде, құрғақ, ылғалды? Жөтел тұрақты сипатта қақырықпен
Қақырық бөлінеді ме? Бөлінсе қандай түсте? Жөтелгенде қақырық шығады ма, ол қандай түсте? Қақырық қан жағындысымен
Кеуде тұсындағы ауру сезімінің сипаты Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алумен байланысты ма? Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алғанда күшейеді
Арықтаудың ұзақтығы Қанша уақыт ішінде неше килограмға арықтады? 6 ай ішінде 15-20 кг арықтады

Анамнезінде: Бірнеше айдан бері әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық мазалайды, кейіннен физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, тәбетінің төмендеуі қосылды және 15-20 кг арықтады.

32 жылдан бері шылым шегеді.

Объективті: бойы 165 см, дене салмағы 55 кг, ИМТ-16. Науқас селқос, әлсіз, ентігу аралас сипатта. Дене бітімі астеникалық. Тамақтануы төмен. Тері жамылғысы боз. Тыныс алу жиілігі – 18 рет мин. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс оң жақ төменгі бөліктерінде әлсіреген, сырылдар жоқ («имитатор Кплюс» код:LSAT В 07).



Лабораторлы-инструментальды зерттеу әдістері:

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 105 г/л Эритроциттер - 2,91 х 1012 /л Түсті көрсеткіш - 0,80 Тромбоциттер – 450 х 109/л Лейкоциттер – 8,3 х 109/л Таяқша - нейтрофилдер – 4% Сегментядерлі нейтрофилдер – 70% Эозинофилдер – 5% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 10% ЭТЖ – 65 мм/сағ Қақырық анализі Түсі-қан аралас Консистенция – қою Эпителий – 8 – 10 к/а Лейкоциттер – 2 – 3 к/а Эритроциты – 10-17 к/а Атипиялық клеткалар- 4-5 к/а
Қанның биохимиялық анализі: жалпы кальций - 4,5 ммоль/л (норма – 2,0-2,5 ммоль/л) Қанның ИФА: Қандағы CYFRA 21-1:5,3 нг/мл (норма – 2,3 нг/мл көп емес)
Бронхоскопия:оң жақ бронх қабырғасы қалыңдаған, гиперемирленген; шырышты қабаты гиперемирленген,беті фибринмен және некротикалық пленкамен жабылған жаралар бар. Биопсияға материал алынды. Биопсиялық материалды цитологиялық зерттеу: атипиялық клеткалар анықталды

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Қорытынды нәтижесі (outcomes):

Ø Өкпе ақауы бар науқасты физикальді қарау және сұрастыруды жүргізу

Ø Өкпе ісігінің клиникалық диагностикасы

Ø Зерттеу мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі, жалпы қақырық анализі, онкомаркерлерге қан анализі, кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, бронхосокпия.

Ø Емдеу жоспарын құрастыру (емдеу принциптері)

Бағалау парағы (check-list)

«Өкпе ісігінің диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша



Емтихан тапсырушының аты-жөні____________________________Емтихан күні __________

Емтихан қабылдаушы _____________________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерилері Баллдық бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындамады Орындамады
Анамнезін және шағымын жинау 2,0 1,0
Физикальді қарау – жалпы қарау 2,0 1,0
Өкпе аускультациясы 2,0 1,0
Алдын-ала қойылған диагноз 2,0 1,0
Зерттеу жоспарын тағайындау 2,0 1,0
Жалпы қан анализін, биохимиялық қан анализін, қанның ИФА интерпретациялау 2,0 1,0
Қақырық анализін интерпретациялау 1,0 0,5
Бронхоскопия мәліметтерін интерпретациялау 2,0 1,0
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау 2,0 1,0
Емдеу жоспарын анықтау (емдеу принциптері) 1,0 0,5
Науқаспен оптимальді қатынас орнату 2,0 1,0
Барлығы

«Өкпе ісігінің диагностикасы»


2331676260141740.html
2331761674726836.html
    PR.RU™